Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімінің 2016 жылғы 22 қарашадағы N 19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда N 3949 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Еділ Мейрамұлы Тұтқышевке жүктелсін.
       3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Әбішев
      "КЕЛІСІЛДІ":
"Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
республиқалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2016 жылғы 22 қараша
О.Қабыкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады