1. "Қызылжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта тіркеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қаңтардағы № 03 қаулысының (2016 жылғы 12 қаңтардағы № 3540 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 4(622) "Қызылжар" газетінде, 2016 жылғы 22 қаңтардағы №4(5560) "Маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауданының әкімі |
Б. Жұмабеков |