1. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 114 қаулысының (2015 жылғы 28 наурыздағы № 3183 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 16(579) "Қызылжар" газетінде, 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 15(5518) "Маяк" газетінде жарияланған) 2 тармағының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 255 қаулысының (2015 жылғы 26 маусымдағы № 3288 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдедегі № 30(593) "Қызылжар" газетінде, 2015 жылғы 17 шілдедегі № 29(5532) "Маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 115 қаулысының (2015 жылғы 28 наурыздағы № 3184 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 16(579) "Қызылжар" газетінде, 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 15(5518) "Маяк" газетінде жарияланған) 2 тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі |
Б. Жұмабеков |