1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Семиполатное ауылы аумағындағы ірі қара малдарының бруцеллез ошағы жойылғанына сәйкес шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Семиполатное ауылы аумағында ірі қара малдарға бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Рассвет ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2, (2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3206 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17 (580) "Қызылжар" газетінде, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 16 (5519) "Маяк" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рассвет ауылдық округінің әкімі | Х. Жанабеков |