Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 26.03.2018 № 26/3 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/4 шешіміне (2009 жылғы 8 мамырда "Солтүстік жұлдызы", "Знамя труда" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-10-80 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер салығының мөлшерлемелері туралы";
1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер салығының мөлшерлемелері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жоғарылатылсын.";
нұсқалған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Жүнісов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы |
Р. Нұрмұқанова |
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 378-бабымен белгіленген жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Салық кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген, жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға жоғарылатылсын.