Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі-Салық кодексі) Кодексінің 510-бабы 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 30.11.2018 № 39/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 14.04.2021 № 4/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ); 02.02.2022 № 17/5 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.1. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 02.02.2022 № 17/5 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
Ескерту. Шешім 1-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 30.11.2018 № 39/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы тармақтың 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болуын белгілеп, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық кодексінің 704-бабымен анықталған бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 30.11.2018 № 39/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-1-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 30.11.2018 № 39/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Қ. Қасенов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Р. Нұрмұқанова |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/3 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-10-80 болып тіркелді, 2009 жылғы 08 мамырда аудандық "Солтүстік жұлдызы" газетінде № 20, "Знамя труда" газетінде № 20 болып жарияланған).
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 41/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3278 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 29 маусымында жарияланған).
3. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Жер салығының ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3852 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 10 тамызында жарияланған).