Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 11.12.2023 № 14/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 27 шілдеде № 3844 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызда "Солтүстік жұлдызы", "Знамя труда" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Орыс тіліндегі атауы келесі редакцияда баяндалсын:
"Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района";
нұсқалған шешімнің 1 тармағы тіліндегі келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района.";
нұсқалған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (әрі қарай – Қағида):
Қағиданың 12 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"12. Осы Қағидаға 3-қосымшасының 14) тармақшасында негіз бойынша азаматтарға (отбасына) 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысты ескерусіз, әлеуметтік көмек негіз бойынша жылына бір рет көрсетіледі.";
Қағиданың 19 тармағында:
2) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
"2) тұрақты мекенжайы бойынша тіркеуді растайтын құжат;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.