"Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 4006 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 14/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 11.12.2023 № 14/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 27 шілдеде № 3844 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызда "Солтүстік жұлдызы", "Знамя труда" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Орыс тіліндегі атауы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района";
      нұсқалған шешімнің 1 тармағы тіліндегі келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района.";
      нұсқалған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (әрі қарай – Қағида):
      Қағиданың 12 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "12. Осы Қағидаға 3-қосымшасының 14) тармақшасында негіз бойынша азаматтарға (отбасына) 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысты ескерусіз, әлеуметтік көмек негіз бойынша жылына бір рет көрсетіледі.";
      Қағиданың 19 тармағында:
      2) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
      "2) тұрақты мекенжайы бойынша тіркеуді растайтын құжат;".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Қошанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2016 жылғы 23 желтоқсан
В. Артимович
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
экономика және қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2016 жылғы 23 желтоқсан
А. Биктимиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады