"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Мамлют ауданының мемлекеттiк бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 13-11/51 ұсынысы негiзiнде Новомихайлов ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШТI:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің Меңкесер ауылында орналасқан "Мәмбетов және К" Коммандиттік серіктестігі аумағында жылқы ринопневмониясы ауруының айқындалуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізумен ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) айқындалған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық сәттілікке қол жеткізу үшін қажет ветеринариялық-санитарлық iс-шараларды жүргізсін.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
4.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 26 ақпанда пайда болған қатынастарға таралады.
Ауылдық округтiң әкiмi | Б.Уәлиев |