1. Cолтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің "Мәмбетов және К" Коммандиттік серіктестігінде ринопневмония ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің "Мәмбетов және К" Коммандиттік серіктестігінде шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы" Новомихайлов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 3 (2016 жылғы 26 сәуірде № 3724 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, "Знамя труда" 2016 жылғы 29 сәуірдегі №18, "Солтүстік жұлдызы" 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 16 аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Б. Уәлиев |