Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы N 3-39с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 сәуірдегі N 3708 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 4-51 с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов аудандық мəслихатының 13.03.2020 № 4-51 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбi қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған ХХХІХ сессия
төрайымы
К. Егімбаева
      Уәлиханов аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Кәдіров

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы № 3-39 с шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Осы жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (бұдан әрі – Қосымша реттеу) "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес, жергілікті жердегі жағдайларды және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын ескеріп әзірленді.

      2. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсаттарға сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      3. Митингілер мен жиналыстар өткізу орыны болып осы Қосымша реттеудің 1-қосымшасына сәйкес орындар анықталсын.

      4. Шерулер мен демонстрациялар өткізу орыны болып осы Қосымша реттеудің 2-қосымшасына сәйкес маршруттар анықталсын.

      5. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

      6. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) ауданның жергiлiктi атқарушы органымен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілердің басқа жағдайларын бұзу болса немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;

      8) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды қолдануға;

      9) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар,басқа да материалдар (визуалды, аудио/видео) пайдалануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

      7. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізілетін объектінің маңында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі насихат құралдарын пайдалануға;

      3) пикет тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлауға рұқсат беріледі.

      8. Пикетті митинг, жиналыс, шеру немесе демонстрацияның басқа нысанына өзгерту, өзге түрде жалғастыру үшін белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің рұқсатын алу қажет.

      9. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігінен жиналысты, митингiні, шерудi, пикеттi, демонстрацияны өткiзуге бас тартылған немесе оған тыйым салу шешімі шығарылған жағдайда уәкiлдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша шара қолдануы қажет.

      10. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша:

      1) өтiнiш берiлмеген болса;

      2) тыйым салу туралы шешiм шығарылса;

      3) оларды өткізудің тәртiбі бұзылған жағдайда;

      4) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе;

      5) қоғамдық тәртiп бұзылған жағдайда тоқтатылады.

      12. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі өкiлiнiң заңды талаптарын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеуге 1-қосымша

Митингілер мен жиналыстарды өткізу орындары

      1. Кішкенекөл аулы, Ш.Уәлиханов атындағы орталық алаң

     


      2. Кішкенекөл аулы, аудандық мәдинет үйнің алаңы

     


  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеуге 2-қосымша

Шерулер мен демонстрацияларды өткізудің маршруттары

      1-маршрут: Кішкенекөл аулы, Казымбетов көшесі бойынша Жамбыл көшесінен бастап Уәлиханов көшесіне дейін;

     


      2-маршрут: Кішкенекөл аулы, Шайсұлтанов көшесі бойынша Уәлиханов көшесінен бастап Сейфуллин көшесіне дейін.

     


О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Уалихановскому району Северо-Казахстанской области

Решение Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 11 марта 2016 года N 3-39с. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 12 апреля 2016 года N 3708. Утратило силу решением Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 13 марта 2020 года № 4-51 с

      Сноска. Утратило силу решением Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 13.03.2020 № 4-51 с (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Уалихановский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Уалихановскому району Северо-Казахстанской области, согласно приложению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
ХХХІХ сессии V созыва
К. Егимбаева
      Секретарь Уалихановского
районного маслихата
Б. Кадиров

  Приложение к решению районного маслихата от 11 марта 2016 года № 3-39 с

Дополнительное регламентирование порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Уалихановскому району Северо-Казахстанской области

      1. Настоящее дополнительное регламентирование порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (далее – Дополнительное регламентирование) разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", с учетом местных условий и рекомендаций Общественного совета на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области.

      2. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.

      3. Местом проведения митингов и собраний определить места согласно приложению 1 к настоящему Дополнительному регламентированию.

      4. Местом проведения шествий и демонстраций определить маршруты согласно приложению 2 к настоящему Дополнительному регламентированию.

      5. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники соблюдают общественный порядок.

      6. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации организаторами и участниками мероприятия не допускается:

      1) препятствование движению транспорта и пешеходов;

      2) создание помех для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

      3) установление юрт, палаток, иных временных сооружений без согласования с местным исполнительным органом района;

      4) вмешательство в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий;

      5) нанесение ущерба зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

      6) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      7) проведение собрания, митинга, шествия, пикетирования или демонстрации, если целью их проведения является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан;

      8) распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров;

      9) использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, антиобщественного поведения и иных правонарушений.

      7. При пикетировании разрешается:

      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;

      2) использовать средства наглядной агитации;

      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

      8. Для переформатирования, продолжения пикета в иной форме митинга, собрания, шествия или демонстрации необходимо получение в установленном порядке разрешение акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области.

      9. В случае, когда получен отказ акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области в проведении митинга, собрания, шествия, пикета и демонстрации или когда состоялось решение о его запрещении, уполномоченным (организаторам) необходимо принять меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.

      10. Не допускается проведение массовых мероприятий на объектах железнодорожного, водного и воздушного транспорта, а также у организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения (городской общественный транспорт, снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), и учреждений здравоохранения и образования.

      11. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации прекращаются по требованию представителя акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области:

      1) если не было подано заявление;

      2) если состоялось решение о запрещении;

      3) если нарушен порядок их проведения;

      4) при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан;

      5) при нарушении общественного порядка.

      12. В случае отказа от выполнения законных требований представителя акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

  Приложение 1 к Дополнительному регламентированию порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Уалихановскому району Северо-Казахстанской области

Места проведения митингов и собраний

      1. село Кишкенеколь, центральная площадь.

     


      2. село Кишкенеколь, площадь районного Дома культуры.

     


  Приложение 2 к Дополнительному регламентированию порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Уалихановскому району Северо-Казахстанской области

Маршруты проведения шествий и демонстраций

      1-маршрут: село Кишкенеколь, по улице Казымбетова от улицы Джамбула до улицы Уалиханова.

     


      2-маршрут: село Кишкенеколь, по улице Шайсултанова от улицы Уалиханова до улицы Сейфуллина.