Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 07.03.2019 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілір болып табылатын және Уәлиханов ауданың ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекші ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдынысқа туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімінің м.а. | Б.Хасенеев |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандык мәслихатының хатшысы 06 мамыр 2016 жыл |
Б.Кәдіров |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуір № 89 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
1.Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық аурухана, аудандық емхана, аудандық диспансер басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;
3) клиникалық меңгерушілері (жедел медициналық көмек бөлімшелерінің, күндізгі стационар, емхана, сәулелік диагностика бөлімшесінің, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру, стоматологиялық кабинетінің немесе бөлімшесінің) және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының параклиникалық (зертхана) бөлімшелерінің;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер - мамандар біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
5) психолог маман - мамандар біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші және екінші категориялы;
6) медициналық (лар) қарындасы (інісі) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
7) провизор (фармацевт) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
8) статистик –мамандар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі;
9) фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тіс дәрігері (дантист), тіс технигі (тіс протезі бөлімшесінің, кабинетінің зертханашы) - біліктілік деңгейі орта мамандар жоғары, бірінші және екінші санатты және санаты жоқ;
10) әлеуметтік қызметкер - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші және екінші санатты және санаты жоқ.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) құрылымдық бөлімшесі болып табылатын аудандық маңызы бар үйде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдастыру бөлімшесінің меңгерушісі;
3) қарт және мүгедек күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
4) мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар күту бойынша әлеуметтік қызметкер – мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
6) жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшенің маманы - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ.
3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (шағын жинақты мектептің, мектепке дейінгі ұйымның білім беру, әдістемелік кабинеттің (орталықтың), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің басқа);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы: шағын жинақталған мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік кабинеттің (орталықтың), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары (шағын жинақталған мектептерден басқа);
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары: шағын жинақты мектеп;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары: мектепке дейінгі ұйым;
6) кітапхана басшысы (меңгерушісі);
7) интернат басшысы (меңгерушісі);
8) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорны сектор жетекшісі;
9) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету), мамандандырылған білім беру ұйымдарының мамандары барлық мамандықтағы мұғалімдер , жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
10) әлеуметтік педагог - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
11) педагог-психолог - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
12) логопед - мамандар біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
13) тәрбиеші - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
14) тәрбиешінің көмекшісі;
15) тәлімгер - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
16) музыкалық жетекші - мамандар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
17) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы (мектепке дейінгі) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
18) әдістемелік кабинетінің (орталығының) әдіскері;
19) әдіскер - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
20) медициналық (лар) қарындасы (інісі) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
21) емдәм бикесі - біліктілік деңгейі орта мамандар жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
22) кітапханашы - мамандар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі;
23) зертханашы - мамандар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
24) хореограф - мамандар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ.
4. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары ;
3) кітапхана басшысы;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны сектор жетекшісі;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көркемдік жетекшісі;
6) музыкалық жетекші мамандары, жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
7) аккомпаниатор - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
8) библиограф –мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
9) оператор;
10) мәдени ұйымдастырушы –мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
11) барлық атаудағы әдістемеші, (негізгі қызмет бойынша) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
12) кітапханашы - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
13) хореограф - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
14) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызмет бойынша) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
15) редактор – мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ.
5. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары;
3) әдіскер - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
4) жаттықтырушы - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
5) жаттықтырушы-оқытушы - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ;
6) медициналық (лар) қарындасы /ағасы (мамандандырылған (ші)) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ;
7) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы - мамандар біліктілігі орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ.
6. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары
1) ветеринариялық дәрігер - мамандар біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ.