Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 наурызда № 5245 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 242 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 242 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 89 "Азаматтық қызметшілір болып табылатын және Уәлиханов ауданың ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (2016 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3774 болып тіркелген). 

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Оспанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Уәлиханов ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 7 наурыздағы
  № 42 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 242 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      5) қарттар мен мүгедек адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, орта, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      6) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - біліктілігі орташа деңгейдегі, санаты жоқ мамандар.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) библиограф - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

      3) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      4) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      5) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      6) ұжым (үйірме) басшысы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      7) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

      8) режиссер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

      9) вокал бойынша үйретуші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

      10) қор сақтаушы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      12) бас есепші, есепші, экономист.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады