Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5 тармағына, 444-бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атырау қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет, қаржы және өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Чердабаев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VII сессиясының төрағасы | А. Дүйсалиев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Әзмұханов |