Атырау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 197 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 4077 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.Рахимова).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХ сессия төрағасы Р. Ғилажев
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Әзмұханов

  Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 197 шешіміне қосымша

Атырау қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 309 "Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, салық салу мақсаты үшін жер салығының базалық ставкасын түзетумен жерлерді өңірлерге бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3412 болып тіркелген, 09.01.2016 жылы "Атырау" газетінде жарияланған).

      2. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 186 "Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 "Атырау қаласы бойынша салық ставкаларын белгiлеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2881 болып тіркелген, 15.04.2014 жылы "Атырау" газетінде жарияланған).

      3. Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 "Атырау қаласы бойынша салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-154 болып тіркелген, 02.02.2012 жылы "Атырау" газетіне жарияланған).

      4. Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 319 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-153 болып тіркелген, 17.01.2012 жылы "Атырау" газетіне жарияланған).

      5. Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 03 қарашадағы № 77 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атырау қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 29.12.2016 жылы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады