Махамбет ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 253 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қазанда № 3644 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 13.03.2023 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14010 болып тіркелген) бұйрығы негізінде, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, Махамбет ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін квота тізімдік саны бар ұйымдарға:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейткалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Махамбетского района

Постановление акимата Махамбетского района Атырауской области от 14 сентября 2016 года № 253. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 19 октября 2016 года № 3644. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 13 марта 2023 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 13.03.2023 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь статьей 37 Законами Республики Казахстан от 23января 2001года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", на основании приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14010) Махамбетский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Махамбетского района без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда организациям со списочной численностью работников:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района М. Сейткалиева.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Қуттумурат-улы