Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 25 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 шілдеде № 3566 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 08/105 ұсынысы негізінде Бейбарыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбарыс ауылдық округі аумағында пастереллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешіммен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі С. Сатымқызы

      МАОМ ______________ МАТҚҚБ ________________
      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Махамбет аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері:
Е. Сабиров
      2016 жылғы "11" шілде
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Махамбет аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекетік мекемесінің басшысы:
Л. Мамаева
      2016 жылғы "11" шілде

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима Бейбарыского сельского округа Махамбетского района Атырауской области от 11 июля 2016 года № 25. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 15 июля 2016 года № 3566

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О Ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Государственного учреждения "Махамбетская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" за № 08/105 от 17 мая 2016 года аким Бейбарыского сельского окргуга РЕШИЛ:
      1. В связи с возникновением болезни пастереллез установить ограничительные мероприятия на территории Бейбарысского сельского округа.
      2. Рекомендовать коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Махамбетская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области (по согласованию), Республиканскому государственному учреждению "Махамбетское районное управление по защите прав потребителей Департамента по защите прав потребителей Атырауской области Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан" (по согласованию) принять необходимые меры, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким округа С. Сатымкызы

      МЦРБ _____________ МРУПЗПП ______________
      СОГЛАСОВАНО:
      Главный врач коммунального
государственного предприятия
на праве хозяйственного ведения
"Махамбетская центральная
районная больница" Управления
здравоохранения Атырауской области
Е. Сабиров
      "11" июля 2016 года
      Руководитель Республиканского
государственного учреждения
"Махамбетское районное управление
по защите прав потребителей
Департамента по защите прав
потребителей Атырауской области
Комитета по защите прав
потребителей Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
Л. Мамаева
      "11" июля 2016 года