Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 106 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 маусымда № 3550 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 30.05.2024 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 сәуірдегі № ІІ-4 шешіміне сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу мақсатында Қызылқоға аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әжіғалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі М. Мұқанов
      КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
2016 жылғы "30" мамыр
А. Аққайнанов
      Аудандық мәслихат хатшысы
2016 жылғы "30" мамыр
Т. Бейсқали

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "31" мамырдағы № 106 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымыдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы: мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің.

      интернаттың, шеберхананың, кітапхананың басшысы (меңгерушісі).

      мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, тәлімгер, тәрбиелеуші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші (негізгі қызметтер), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, психолог, хореограф (негізгі қызметтер), мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, барлық мамандықты дәрігерлер.

3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      мамандар: барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, редактор (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);

      аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление акимата Кызылкогинского района Атырауской области от 31 мая 2016 года № 106. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 29 июня 2016 года № 3550. Утратило силу постановлением акимата Кызылкогинского района Атырауской области от 30 мая 2024 года № 107

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кызылкогинского района Атырауской области от 30.05.2024 № 107 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года и решением районного маслихата от 26 апреля 2016 года № ІІ-4 "О согласовании перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" в целях установление повышенные должностные оклады и тарифные ставки специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих сельской местности Кызылкогинский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Ажигалиева Б - заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2016 года.

      Аким района М. Муканов
      СОГЛАСОВАНО:
Председатель сессии
районного маслихата
"30" мая 2016 года
А. Аккайнанов
      Секретарь районного маслихата
"30" мая 2016 года
Т. Бейскали

  Приложение к постановлению районного акимата № 106 от "31" мая 2016 года

ПЕРЕЧЕНЬ

должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

1. Должности специалистов в области социального обеспечения:

      Руководитель центра занятости населения района;

      специалисты: специалист по социальной работе, специалист структурного подразделения центра (службы) занятости, социальный работник по уходу за престарелыми и инвалидами.

2. Должности специалистов в области образования:

      руководитель, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия (кроме заместителя руководителя по административно-хозяйственной части);

      руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения: дошкольной организаций образования, методического кабинета (центра), кабинета психолого-педогогической коррекции;

      руководитель (заведующий): библиотеки, интернатом, мастерской;

      специалисты: учителя всех специальностей организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего, специальных (коррекционных) и специализированных организаций образования, в том числе учитель-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), учитель-логопед, преподователь-организатор начальной военной подготовки, вожатый, воспитатель, методист (основных служб), инструктор по физкультуре (основных служб), музыкальный руководитель (основных служб), педагог дополнительного образования, педагог-организатор, педагог-психолог, социальный педагог, лаборант, психолог, хореограф (основных служб), медицинская (ий) сестра (брат), диетическая сестра, библиотекарь, культорганизатор, врачи всех специальностей.

3. Должности специалистов в области культуры:

      руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия;

      заведующий (руководитель) библиотеки;

      специалисты: артисты всех наименований, библиограф, библиотекарь, редактор (основных сужб), дирижер, режиссер, культорганизатор (основных служб), методист всех наименований (основных служб), музыкальный руководитель, хореограф, художники всех наименований (основных служб).

4. Должности специалистов в области спорта:

      руководитель, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия (кроме заместителя руководителя по административно-хозяйственной части);

      старший тренер районного значения;

      специалисты: методист, тренер, медицинская(ий) сестра/брат (специализированная(ый)).