Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 107 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 мамырда № 5197-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 106 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3550 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Иғалиға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі К. Азмуханов

      "Келісілді"
Қызылқоға аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Бейсқали

  Қызылқоға ауданы әкімідігінің
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 107 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      3) әлеуметтік қызметкер;

      4) мейіргер;

      5) әдіскер;

      6) дефектолог;

      7) тәрбиеші;

      8) логопед;

      9) емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      10) психолог.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);

      2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) кітапханашы;

      4) библиограф;

      5) сектор (бөлім) басшысы;

      6) редактор;

      7) көркемдік жетекшісі;

      8) үйірме басшысы;

      9) барлық атаудағы режиссер;

      10) мәдени ұйымдастырушы;

      11) музыкалық жетекші;

      12) суретші;

      13) барлық атаудағы әдістемеші;

      14) дирижер;

      15) балетмейстер;

      16) хореограф;

      17) аккомпаниатор-концертмейстер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады