Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 28.05.2024 № 93-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты кезекті ІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы №317-V "Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3379 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
4 тармақтағы "Атырау облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Индер аудандық бөлімі" деген сөздер "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Индер аудандық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінінде "Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений." деген абзац алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О. Ділмұқашева) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ІІ сессиясының төрағасы |
Ө. Оразғалиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |