Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 08.04.2021 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабының 2) және 3) тармақшаларына және 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақат ауданы аумағында сауда қызметі субьектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Гумаровқа жүктелсін.
3. Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 104 "Мақат ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3217 болып тіркелген, 2015 жылы 25 маусымда аудандық "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "08" қарашадағы № 185 қаулысына қосымша |
Мақат ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ р/с | Көкөніс өнімдерін сату үшін арнайы бөлінген орындар | Бірліктер саны | |
Автокөліктен | Сауда шатырынан | ||
1 | Мақат кенті, "Барыс" базары қасында | 2 | |
2 | Мақат кенті, С. Мұқашев көшесі ("Ақдаулет" мейрамханасының қасында) | 2 | |
3 | Мақат кенті, 67-бөлімше (М. Баймұханов атындағы мектебінің қасында) | 2 | 1 |
4 | Мақат кенті, вокзал маңы ықшам ауданы (Дене шынықтыру кешені) | 2 | 3 |
5 | Доссор кенті, "Айгүл" базары қасында | 2 | |
6 | Доссор кенті, О. Шарипов көшесі ("Инабат" сауда үйінің қасында) | 2 | 3 |
7 | Бәйгетөбе ауылдық округі, Мақат аудандық білім беру бөліміне қарасты "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің автокөлік тұрағының алаңшасы | 2 | 2 |
8 | "Мақат мұнай айдау" стансасының ғимаратының алды | 1 | 2 |
9 | 402-бекеті, ПМС Жол жөндеу мекемесінің кеңсе ғимаратының қасында | 2 |
№ | Көшпелі мерекелік және жәрмеңке күндеріне арнайы бөлінген сауда орындар | Бірліктер саны | |
Автокөліктен | Сауда шатырынан | ||
1 | Мақат кенті, Қ. Сәтпаев көшесі (орталық алаң) | 3 | 10 |
2 | Доссор кенті, Ғ. Сүлейменова көшесі (орталық алаң) | 3 | 10 |