Мақат ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 4920 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 139 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 18.09.2023 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабының 2) және 3) тармақшаларына және 27 бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 185 "Мақат ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шанғалаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
А. Шангалаев

  Мақат ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысына қосымша

Мақат ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді-мекен атауы

Арнайы бөлінген орындар

Бірліктер саны

Автодүкендерде

Шатырларда (павильондарда)

1

Мақат кенті

"Қазына" мейрамханасының маңында

2

-

2

Мақат кенті

"Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің "Муса Баймұханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі маңында

2

1

3

Мақат кенті

"Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында

2

3

4

Мақат кенті

№ 45 нүкте

20

20

5

Доссор кенті

"Инабат" сауда үйінің маңында

3

2

6

Доссор кенті

Орталық алаң

20

20

7

Бәйгетөбе ауылдық округі

"Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі алдында

20

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады