Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 22 қазандағы № 450-V "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының 2016 жылғы 13 маусымда № 44-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 шілдеде № 3569 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 22 қазандағы № 450-V "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3345 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап және "Атырау облыстық білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде беріледі";
      2) 2-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "психологиялық - медициналық – педагогикалық кеңестің қорытындысында үйде оқыту жөнінде ұсыныс берілмеуі".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1-ші ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ІV сессиясының төрағасы
Ө. Тәжібаев
      Аудандық
мәслихат хатшысы
Б. Жүгінісов

О внесении изменений в решение районного маслихата от 22 октября 2015 года № 450-V "Об определении порядка и установления размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану"

Решение Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 13 июня 2016 года № 44-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 18 июля 2016 года № 3569

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение районного маслихата от 22 октября 2015 года № 450-V "Об определении порядка и установления размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3345, опубликовано 20 декабря 2015 года в районной газете "Серпер") следующие изменения:
      1) подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "возмещения затрат предоставляется с месяца обращения и на основании заключения психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении "Атырауское областное управление образования";"
      2) второй абзац подпункта 4) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "отсутствие рекомендации об обучении на дому в заключении психолого-медико-педагогической консультации".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию (председатель М. Куаншалиев) районного маслихата по вопросам социальной сферы, молодежной политики, законодательства и права.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 февраля 2016 года.
      Председатель внеочередной
ІV сессии районного маслихата
О. Тажибаев
      Секретарь
районного маслихата
Б. Жугинисов