Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 28.05.2019 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Шаяхметов |
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "29" шілдедегі № 331 қаулысына қосымша |
Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі
№ | Мүліктің атауы | Шығарылған жылы | Баланс ұстаушысы |
1 |
Toyota Prado автокөлігі | 2007 | "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
Ваз 21213 Нива автокөлігі | 2004 | "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 |
Газ 3102-121 автокөлігі | 2007 | "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |