"Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 25 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 ақпанда № 3589 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 46/383-V "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" шешіміне және облыс әкімдігінің "Мемлекеттік мекемелер туралы" 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қаныбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"1" ақпан № 25 қаулысына
қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекет бюджетінің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) автомобиль жолдары және жол шаруашылығы, автомобиль көлігі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
      2) жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және жол шаруашылығы салаларындағы іс-шаралар жоспарларын іске асыру;
      3) экономиканың және тұрғындардың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
      4) өз құзіреті шегінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
      5) жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен облысаралық тасымалдауларға байланысты жұмысты үйлестіру және реттеу;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
      16. Функциялары:
      1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
      2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
      3) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
      4) облыстық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту бойынша ұсыныстарды әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      5) облыстық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      6) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыруға рұқсат береді;
      7) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту бойынша ұсыныстарды әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      9) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға кiрме жолдарды және жалғасатын жолдарды салуды келіседі;
      10) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту бойынша ұсыныстарды әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      11) облыстық маңызы бар жолдарда, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;
      12) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізеді;
      13) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      14) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн заңнамада белгіленген тәртіппен келісу;
      15) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу;
      16) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
      17) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
      18) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
      19) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
      20) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану;
      21) өз құзыреті шегінде тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді;
      22) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
      23) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жояды;
      24) Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
      25) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беруді жүзеге асырады;
      26) облыс аумағында техникалық байқаудың мобильді желілері үшін, өткізу кестелерін келісу;
      27) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алады;
      28) шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер береді;
      29) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
      30) интеллектуалды көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді маманданушы ұйымдар ұйымдастыру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізеді;
      31) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
      32) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз функциялары мен негізігі міндеттерін орындау мақсатында өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен қажетті мәліметтерді алу бойынша қарым-қатынаста болады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады;
      3) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      7) келісім-шарттар жасасады;
      8) сенімхаттар береді;
      9) банкте шоттар ашады;
      10) өз уәкілеттігі шегінде барлық "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
      12) Мемлекеттік мекеме басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
      13) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесін және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйым:
      Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Оңтүстік жолдары" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 февраля 2016 года № 25. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 17 февраля 2016 года № 3589. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136.
      В соответствии c пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", решением областного маслихата от 15 января 2016 года № 46/383-V "О схеме управления Южно-Казахстанской области" и постановлением акимата области от 18 января 2016 года № 12 "О государственных учреждениях", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Каныбекова С.
      Аким области Б. Атамкулов
      Сатыбалды Д.
      Жилкишиев Б.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Мендебаев К.

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской
области от "1" февраля
2016 года № 25

Положение
о государственном учреждении "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере пассажирского транспорта и автомобильных дорог.
      2. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" ведомств не имеет.
      3. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Каратауский район, жилой массив Нурсат, проспект Астана, строение 10, почтовый индекс 160023.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" реализация государственной политики в области пассажирского транспорта и автомобильных дорог на территории Южно-Казахстанской области.
      15. Задачи:
      1) организация и координация работ по реализации государственной политики в сфере автомобильных дорог и дорожной деятельности, автомобильного транспорта;
      2) реализация планов мероприятий в сферах пассажирского транспорта, автомобильных дорог и дорожной деятельности;
      3) создание условий для обеспечения потребностей экономики и населения в автомобильных перевозках и иных работах, услугах;
      4) обеспечение требований безопасности дорожного движения на автомобильных дорогах областного значения в рамках своей компетенции;
      5) координация и регулирование работы, связанной с межобластными перевозками пассажиров и багажа автомобильным транспортом;
      6) иные задачи, возложенные законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) организация работ по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог общего пользования областного значения в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках;
      2) управление сетью автомобильных дорог областного значения общего пользования, улиц населенных пунктов;
      3) управление дорогами и дорожными предприятиями, находящимися в коммунальной собственности Южно-Казахстанской области;
      4) разработка и внесение на утверждение акимата области порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного значения;
      5) разработка и внесение на утверждение акимата области порядка размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного значения;
      6) выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного значения;
      7) разработка и внесение на утверждение акимата области перечня автомобильных дорог общего пользования областного значения по согласованию с уполномоченным государственным органом по автомобильным дорогам;
      8) разработка и внесение на утверждение акимата области наименования индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения по согласованию с уполномоченным государственным органом по автомобильным дорогам;
      9) согласование строительства подъездных дорог и примыканий к дорогам общего пользования областного и районного значения;
      10) разработка и внесение на утверждение акимата области классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов;
      11) обеспечение выполнения и контроля за всеми видами работ по строительству, реконструкции, ремонту, внедрению и содержанию технических средств регулирования дорожного движения на дорогах областного значения;
      12) внесение предложений в акимат области о предоставлении автомобильных дорог общего пользования областного значения или их участков в безвозмездное временное пользование;
      13) разработка и внесение предложений в акимат области для утверждения маршрутов и расписания движения регулярных межрайонных (междугородных внутриобластных) перевозок пассажиров и багажа;
      14) согласование в установленном законодательством порядке маршрутов и расписаний движения по регулярным междугородным межобластным автомобильным перевозкам пассажиров и багажа;
      15) ведение реестра автовокзалов, автостанций и пунктов обслуживания пассажиров;
      16) ведение реестра маршрутов регулярных межрайонных (междугородных внутриобластных) перевозок пассажиров и багажа;
      17) разработка комплексной схемы развития пассажирского транспорта и проектов организации дорожного движения;
      18) осуществление субсидирования убытков перевозчиков при осуществлении социально значимых перевозок пассажиров на межрайонном (междугородном внутриобластном) сообщениях;
      19) ведение реестра физических и юридических лиц, подавших уведомление о начале осуществления деятельности по специальной подготовке водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов в международном и внутриреспубликанском сообщениях;
      20) применение механизма государственно-частного партнерства;
      21) обеспечение безопасности дорожного движения на соответствующей территории области в рамках своей компетенции;
      22) разработка и реализация мероприятий по организации дорожного движения на дорогах;
      23) ликвидация последствии дорожно-транспортных происшествий для восстановления дорожного движения на дорогах;
      24) осуществление лицензирования в соответствии с законодательством Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";
      25) осуществление выдачи международных сертификатов технического осмотра;
      26) согласование графика для мобильной линии технического осмотра в пределах области;
      27) ведение учета курсов по подготовке судоводителей маломерных судов;
      28) выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами;
      29) организация регулярных междугородних межобластных, межрайонных (междугородних внутриобластных) перевозок пассажиров и багажа, а также проведение конкурсов на право их обслуживания;
      30) внесение предложений в акимат области о создании организаций, специализирующихся на обеспечении функционирования интеллектуальных транспортных систем;
      31) осуществление мониторинга потерь от дорожно-транспортных происшествий и бюджетных затрат на обеспечение безопасности дорожного движения, а также эффективности принимаемых мер на снижение уровня аварийности на дорогах;
      32) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) в установленном порядке взаимодействие с государственными органами, иными организациями в целях получения информации, сведений от соответствующих государственных органов, организаций, предприятий для выполнении функций, возложенных на государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области";
      2) быть ответчиком либо истцом в судебных органах по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области";
      3) в пределах своей компетенции принимать меры по противодействию коррупции.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Южно-Казахстанской области в соответствии с действующим законодательством.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области":
      1) организует и руководит деятельностью государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области";
      2) несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" задач и функций, поручений акима и акимата области, курирующего заместителя акима области;
      3) назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области", а также руководителей организаций, находящихся в ведении государственного учреждения в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      4) определяет обязанности и полномочия работников государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области", руководителей организаций, находящихся в ведении "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      5) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области";
      6) представляет интересы государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" в государственных органах, иных организациях;
      7) заключает договоры;
      8) выдает доверенности;
      9) открывает банковские счета;
      10) издает в пределах своей компетенции приказы и дает указания, обязательные для исполнения всеми работниками государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" и руководителей организаций, находящихся в ведении государственного учреждения;
      11) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области", руководителей организаций, находящихся в его ведении, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      12) руководитель государственного учреждения несет персональную ответственность за финансово-хозяйственную деятельность и сохранность имущества государственного учреждения;
      13) принимает меры по усилению противодействия явлениям коррупции и несет персональную ответственность за нарушения антикоррупционного законодательства.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы) приобретенные в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности области.
      25. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" и подведомственных организаций осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Организация, находящаяся в ведении государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области":
      Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Оңтүстік жолдары" управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области.