"Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 наурызда № 3636 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "25"
ақпандағы № 40 қаулысына
қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      15. Міндеттері: облыс аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық, ауыл шаруашылық, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық мақсаттағы, абаттандыру мен көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыру.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдауды ұйымдастыру;
      2) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
      3) салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
      4) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларын салу, реконструкциялау туралы, сондай-ақ аумақтың инженерлік желілерін әзірлеу, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу және облыс әкімдігінің қарауына енгізу;
      6) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
      7) заңнамаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүктелген функцияларды орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан қажетті мәліметтерді алу бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста болады;
      2) облыс әкімдігінің қарауына құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру және жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді және "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық ұйымдарда білдіреді;
      2) заңнамада белгіленген тәртіп шегінде және жағдайларда "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлігіне иелік етеді;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық қызметiне және мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң сақталуы үшiн жеке жауаптылықта болады;
      4) келісімшарттар жасасады, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен, сенімхаттар береді, "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар мен тағылымдамалар, қызметкерлерінің оқу орталықтарында білім алу және өзге де біліктілігін арттыру түрлері бойынша жұмыс тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      5) банктік шоттарын ашады, "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      6) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, мемлекеттік қызмет туралы, еңбек қатынастары заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады, өз орынбасарларының және "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
      7) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
      8) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      9) заңнамамен, осы ережемен және облыс әкімдігімен "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление строительства Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 40. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 16 марта 2016 года № 3636. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 7) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление строительства Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Сатыбалды Д.А.
      Аким области Б.Атамкулов
      Сатыбалды Д.
      Жилкишиев Б.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.
      Мендебаев К.

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от "25" февраля 2016 года № 40

ПОЛОЖЕНИЕ
о государственном учреждении "Управление строительства
Южно - Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере строительной деятельности.
      2. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" ведомств не имеет.
      3. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Каратауский район, проспект Астана, строение 10, почтовый индекс 160023.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом
государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление строительства Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление строительства Южно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      14. Миссия: государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" осуществляет на территории Южно-Казахстанской области государственную политику в сфере строительной деятельности в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      15. Задачи: реализация государственной политики в области строительства, инвестиционных проектов и программ развития в сфере социально-культурного, административно-хозяйственного, жилищного, сельскохозяйственного, инженерно-коммуникационного назначения, благоустройства и охраны окружающей среды на территории области.
      16. Функции:
      1) организация работ по приемке объектов (комплексов) в эксплуатацию в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      2) регистрация актов приемки объектов в эксплуатацию и ведение учета объектов (комплексов), вводимых в эксплуатацию;
      3) ведение мониторинга строящихся объектов на подведомственной территории объектов и комплексов;
      4) внесение предложения в акимат области о строительстве, реконструкции строений, зданий, сооружений, инженерных коммуникаций, а также об инженерной подготовке территорий, благоустройстве и озеленении, консервации строительства незавершенных объектов, проведении комплекса работ по постутилизации объектов областного значения;
      5) разработка и внесение на рассмотрение акимата области проектов постановлений акимата области, решений и распоряжений акима области, по вопросам, отнесенным к компетенции государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области";
      6) оказание содействия в работе государственных органов архитектурно-строительного контроля и надзора на территории области;
      7) проведение процедуры государственных закупок в установленном законодательством порядке;
      8) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) в установленном порядке взаимодействовать с государственными органами, иными организациями в целях получения информации, сведений от соответствующих государственных органов, организаций, предприятий для выполнении функций, возложенных на государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области";
      2) вносить на рассмотрение областного акимата предложения по совершенствованию и улучшению реализации государственной политики в сфере строительной деятельности;
      3) быть ответчиком либо истцом в судебных органах по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области".

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Управление строительства Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление строительства Южно - Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области":
      1) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" и представляет интересы государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" во всех организациях;
      2) в случаях и в пределах, в установленном законодательством порядке, распоряжается имуществом государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области";
      3) несет персональную ответственность за финансово-хозяйственную деятельность и сохранность имущества государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области";
      4) заключает договора, выдает доверенности в том числе с правом передоверия, утверждает порядок и планы работ государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников иным видам повышения квалификации сотрудников;
      5) открывает банковские счета, издает приказы и дает указания, обязательные для всех служащих государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области";
      6) принимает и увольняет сотрудников государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" на работу, принимает меры поощрения и налагает меры дисциплинарного взыскания на сотрудников государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области", в соответствии с законодательством о государственной службе, о трудовых отношениях определяет обязанности и круг полномочий своих заместителей и сотрудников государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области";
      7) принимает меры по усилению противодействия явлениям коррупции и несет персональную ответственность за нарушения антикоррупционного законодательства;
      8) утверждает положения структурных подразделений государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области";
      9) осуществляет иные функции, возложенные на государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" законодательством, настоящим положением и акиматом области.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, (влючая денежные доходы) приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление строительства Южно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление строительства Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление строительства Южно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.