"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "25" ақпандағы № 40 қаулысына қосымша |
"Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы: "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.15. Міндеттері: облыс аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық, ауыл шаруашылық, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық мақсаттағы, абаттандыру мен көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдауды ұйымдастыру;
2) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
3) салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
4) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларын салу, реконструкциялау туралы, сондай-ақ аумақтың инженерлік желілерін әзірлеу, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
5) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу және облыс әкімдігінің қарауына енгізу;
6) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
7) заңнамаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүктелген функцияларды орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан қажетті мәліметтерді алу бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста болады;
2) облыс әкімдігінің қарауына құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру және жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді және "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық ұйымдарда білдіреді;
2) заңнамада белгіленген тәртіп шегінде және жағдайларда "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлігіне иелік етеді;
3) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық қызметiне және мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң сақталуы үшiн жеке жауаптылықта болады;
4) келісімшарттар жасасады, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен, сенімхаттар береді, "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар мен тағылымдамалар, қызметкерлерінің оқу орталықтарында білім алу және өзге де біліктілігін арттыру түрлері бойынша жұмыс тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
5) банктік шоттарын ашады, "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, мемлекеттік қызмет туралы, еңбек қатынастары заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады, өз орынбасарларының және "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
8) "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
9) заңнамамен, осы ережемен және облыс әкімдігімен "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.