"Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 25 ақпандағы № 42 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 18 наурызда № 3651 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.С.Сәдібековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      C.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің "25" ақпан
2016 жылғы № 42
қаулысымен бекітілген

"Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарасты ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Желтоқсан көшесі, № 20 А үй, пошталық индексі 160012.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамада және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі басшылығымен жүктеген міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
      2) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;
      4) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеру;
      5) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
      6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
      7) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
      8) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;
      9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлеу және бекiту;
      10) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсыну;
      11) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;
      12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты беру;
      13) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;
      14) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамамен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен және облыс әкімімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне кіретін Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің қаулыларының және (немесе) әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің жобасын дайындауға қатысу;
      2) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыруға, олардан "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметі үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының орындалуы бойынша белгіленген тәртіппен және құзіреті шегінде тексеруді және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандарын жүзеге асыруға;
      4) комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
      5) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, уәкілетті жергілікті атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардан талдау жұмысын қамтамасыз ету және "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      6) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдауға;
      7) қолданыстағы заңнамамен көрсетілген өзге де құқықтар мен міндеттер.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып табылады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастастырады және басқарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
      3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      5) барлық мемлекеттік органдарда, қазақстандық және шетелдік қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүддесін ұсынады;
      6) Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан наразылық келтіруге және талап қою жөнінде шешімдер қабылдайды;
      7) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімдігі, әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
      8) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      9) келісім-шарттар жасасады;
      10) сенімхаттар береді;
      11) банкте шоттар ашады;
      12) өзінің құзыреті шегінде "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне қатысты, орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      13) "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметіне және берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
      15) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 42. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 18 марта 2016 года № 3651. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 7) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Садибекова У.С.
      Аким области Б.Атамкулов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жилкишиев
      С.Каныбеков
      Е.Садыр
      С.Туякбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Утвержден постановлением
акимата Южно-Казахстанской
области от "25" февраля
2016 года № 42

Положение

о государственном учреждении "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" является государственным органом, осуществляющим руководство в сферах труда, безопасности и охраны труда.
      2. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" не имеет подведомственных учреждении.
      3. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством, счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, город Шымкент, Абайский район, улица Желтоксан, дом № 20 А, почтовый индекс 160012.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" осуществляется за счет средств местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссией государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" является реализация государственной политики в области труда, в том числе требований по безопасности и охране труда в Южно-Казахстанской области.
      15. Задачи:
      1) осуществление государственного контроля за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан, в том числе требований по безопасности и охране труда;
      2) задачи возложенные на государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" законодательством и акиматом области.
      16. Функции:
      1) осуществление мониторинга коллективных договоров, представленных работодателями;
      2) проведение анализа причин производственного травматизма, профессиональных заболеваний, профессиональных отравлений и разработка предложения по их профилактике;
      3) расследование несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью, в порядке, установленном Трудовым Кодексом Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан;
      4) проведение проверки знаний лиц, ответственных за обеспечение безопасности и охраны труда у работодателей;
      5) участие в составе приемочной комиссии по приемке в эксплуатацию объектов производственного назначения;
      6) взаимодействие с представителями работников и работодателей по вопросам совершенствования нормативов безопасности и охраны труда;
      7) рассмотрение обращений работников, работодателей и их представителей по вопросам безопасности и охраны труда;
      8) осуществление мониторинга аттестации производственных объектов по условиям труда;
      9) разработка и утверждение графика проверок в соответствии с Предпринимательским законсом Республики Казахстан;
      10) предоставление в уполномоченный государственный орган по труду периодических отчетов, а также результатов мониторинга состояния безопасности и охраны труда на базе информационной системы по охране труда и безопасности;
      11) ведение мониторинга коллективных трудовых споров по форме, установленной уполномоченным государственным органом по труду;
      12) предоставление необходимой информации по трудовым отношениям в уполномоченный государственный орган по труду;
      13) осуществление декларирования деятельности работодателя;
      14) выполнение иных функций, возложенных на государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" законодательством, акиматом и акимом области.
      17. Права и обязанности:
      1) участвовать в подготовке проектов постановлений акимата, решений, распоряжений акима области по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      2) осуществлять в установленном порядке взаимодействие с другими государственными органами и организациями, запрашивать и получать от них необходимые для деятельности государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" сведения и материалы;
      3) осуществлять в установленном порядке и в пределах компетенции проверки и иные формы государственного контроля по соблюдению требований трудового законодательства Республики Казахстан;
      4) участвовать в работе комиссий и рабочих групп;
      5) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от местных исполнительных органов, работодателей (юридических лиц), физических лиц, а также лиц, занимающихся предпринимательской деятельностью, документы и справки информационного характера, необходимые для обеспечения аналитической работы и выполнения возложенных на государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" задач и функций;
      6) принимать соответствующие решения по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      7) иные права и обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом области в соответствии с действующим законодательством.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" является главным государственным инспектором труда Южно-Казахстанской области.
      21. Первый руководитель государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождаются от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      22. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области":
      1) организует и руководит деятельностью государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      2) определяет обязанности и полномочия своих заместителей и других работников государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      3) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      4) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий на работников государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      5) представляет государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" в государственных органах, общественных и других казахстанских и иностранных организациях, а также в отношениях с физическими и юридическими лицами;
      6) в соответствии с действующим законодательством принимает решения о предъявлении от имени государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" претензий и исков к юридическим и физическим лицам;
      7) несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" задач и функций, поручений акимата, акима области и курирующего заместителя акима области;
      8) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      9) заключает договора;
      10) выдает доверенности;
      11) открывает банковские счета;
      12) издает в пределах своей компетенции приказы и дает указания, обязательные для исполнения всеми работниками государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      13) несет персональную ответственность за финансово-хозяйственную деятельность и сохранность переданного государственному учреждению "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" имущества;
      14) несет персональную ответственность за нарушение антикоррупционного законодательства работниками государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области";
      15) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением и акиматом области.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области"в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      23. Первый руководитель государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" определяет полномочии своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      24. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" возглавляется первым руководителем назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      25. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы) приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      26. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области", относится к областной коммунальной собственности.
      27. Государственное учреждение "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по по плану финансирования, если иное не установлено законодательным актом.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      28. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление по инспекции труда Южно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.