Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 13.06.2019 № 38/410-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1)-тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысында ортақ су пайдалану Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ.Тұрлыбек |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ.Ержан |
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47/388-V шешімімен бекітілген |
Оңтүстік Қазақстан облысында ортақ су пайдалану Қағидалары
1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысында Ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 38-бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және Оңтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілейді.
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
6. Ортақ су пайдалануға:
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі белгiлейдi.
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
11. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
12. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етеді.
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
15. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу негізсіз болған жағдайда Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерін негіздей отырып су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
Бұл ретте жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
18. Суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтін жері болып танылған су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мерзімге шектеледі.