1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3266 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі" деген қосымшасында:
"Сары май өндіру үшін" деген бағанда "16" саны "12" санымен ауыстырылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |