Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы

Жаңартылған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 3266 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е. Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 қаулысына
қосымша

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 15.06.2023 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сатып алынатын шикі сүт үшін, теңге/килограмм 

Сары май өндіру үшін

Қатты ірімшік өндіру үшін

Құрғақ сүт өндіру үшін (майы алынбаған /майы алынған)

43

21

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады