1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аудандар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 207 "2015 жылы бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3248 болып тіркелген, 2015 жылы 23 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
"КЕЛІСІЛДІ": | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | |
_________________А.Мамытбеков | |
"30" наурыз 2016 жыл | |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 92 қаулысына қосымша |
2016 жылға бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аудандар бойынша және дақылдар бөлінісінде
килограмм/гектар
№ р/с | Қала, аудан атауы | Дақылдар | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
Бидай | Арпа | Күріш | Жүгері (будан) | Мақсары | Мақта | Картоп | Бұршақты көпжылдық шөптер | Күнбағыс сорт | Күнбағыс (будан) | Бұшақты дақылдар | ||
1 | Арыс қаласы | 7,230 | 6,072 | | 22,100 | 0,427 | 1,292 | | 11,700 | | | |
2 | Бәйдібек | 7,121 | 6,071 | | 17,333 | 0,459 | | | 11,700 | 0,174 | 14,313 | |
3 | Қазығұрт | 7,174 | 6,026 | | 20,800 | 0,442 | | 157,560 | 10,400 | 0,167 | 15,590 | 11,879 |
4 | Мақтарал | | | 3,691 | 22,052 | | 1,305 | | 13,000 | 0,172 | 16,900 | |
5 | Ордабасы | 7,225 | 6,074 | | 19,500 | 0,427 | 1,292 | 156,358 | 10,400 | 0,170 | 15,606 | 11,830 |
6 | Отырар | | | | 20,836 | 0,452 | | | 11,440 | | | |
7 | Сайрам | 7,224 | 6,306 | | | 0,459 | | 154,198 | 11,570 | 0,170 | 16,740 | 11,928 |
8 | Сарыағаш | 7,170 | 5,984 | | 22,336 | 0,425 | 1,305 | 156,358 | 13,000 | 0,167 | 15,639 | 11,879 |
9 | Созақ | | 6,073 | | | 0,425 | | | 12,740 | | | |
10 | Төлеби | 7,179 | 6,072 | | | 0,428 | | 156,037 | 12,350 | 0,166 | 15,606 | 11,869 |
11 | Түлкібас | 7,184 | 6,118 | | | 0,430 | | 156,191 | 12,610 | 0,168 | 15,671 | 11,934 |
12 | Шардара | | | 3,641 | 24,776 | | 1,300 | | 13,650 | | | |
13 | Түркістан қаласы | 7,180 | | | 22,244 | | 1,303 | 156,559 | 12,610 | 0,168 | 15,584 | |