Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдігiнiң 20.12.2019 № 979 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186 бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемі кемінде таза табысынан 50 (елу) пайыз болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ.Әбдірахымов |