Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 07.04.2022 № 551 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186 бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне дивидендтерінің (табыстарының) көлемі таза табысынан 50 (елу) пайызға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 1407 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3826 тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оны.ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі | Е. Айтаханов |