"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С.Ертай |
Арыс қаласы әкімдігінің
2016 жылғы қаңтардағы
№ 11 қаулысымен бектілген
2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi
р/с | Ұйымдардың атауы | Жұмыс түрлері | Адам саны | Қоғамдық жұмыстардың көлемі | Қаржыландыру көздерi |
1 | Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жіберу, мұрағат құжаттары және тізімдерін жасау, құжаттарды қалыптастыру және тігу | 65 | 4500 іс-құжат, 9200 іс-құжат | Қалалық бюджет |
2 | Арыс қаласының "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу, абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету | 125 | 5000 іс-құжат, 110000 шаршы метр | Қалалық бюджет |
3 | Арыс қаласы "Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу | 50 | 50000 шаршы метр, 2850 түп | Қалалық бюджет |
4 | Арыс қаласы "Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу | 50 | 250000 шаршы метр, 2000 түп | Қалалық бюджет |
5 | Арыс қаласы "Байырқұм ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу тазарту | 50 | 40000 шаршы метр, 4500 түп | Қалалық бюджет |
6 | Арыс қаласы "Жиделі ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу | 50 | 250000 шаршы метр, 2000 түп | Қалалық бюджет |
7 | Арыс қаласы "Ақдала ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу | 5 | 10000 шаршы метр, 1000 түп | Қалалық бюджет |
8 | Арыс қаласы "Дермене ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округті көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту. Ағаш көшеттерін отырғызу | 50 | 415000 шаршы метр, 2000 түп | Қалалық бюджет |
9 | Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Мұрағат құжаттары тiзiмдерiн жасау, құжаттарды көбейту, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу | 10 | 3000 іс-құжат | Қалалық бюджет |
10 | "Ақаба-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Кәріз жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету | 15 | 2 шақырым | Қалалық бюджет |
11 | "Қызмет-Сервис-Арыс" жауапкершілік шектеулі серіктестігі | Көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау, демалыс және мәдениет орталық паркiнiң аумағын жинау, абаттандыру, көгалдандыру | 85 | 110000 шаршы метр | Қалалық бюджет |
12 | Арыс қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арыс жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | Қазандық жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету, жылу төлемдерін жинауға көмектесу | 15 | 3 шақырым, 200 пәтер | Қалалық бюджет |
13 | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Оңтүстікауызсу" филиалы | Су жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету | 80 | 5000 шақырым | Қалалық бюджет |
14 | "Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкi iстер департаментi Арыс ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттік мекемесі | Жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу (Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетуді қамтамасыз ету) | 30 | Қала және ауылдық округ аумағында | Қалалық бюджет |
15 | "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі | Жеке тұлғалардың алынатын жер және мүлік салықтарына хабарламалар тарату | 20 | 1000 үй | Қалалық бюджет |
| Барлығы: | | 700 | | |
Ескертпе: Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.