"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына, Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы "Мақтарал ауданының басқару схемасы туралы" Мақтарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 18-110-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 55-356-V шешіміне, "Мемлекеттік мекемелер туралы" Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 119 қаулысына сәйкес, Мақтарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Мақтарал ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Мақтарал ауданының аумағында тартылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Асановқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Ж.Бейсенбаев |
Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы наурыздағы № 243 қаулысымен бекітілген |
"Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.2. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Байботаев.көшесі 28Б.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:аудан аумағында құрылыс саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
15. Міндеттері:
1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) аудан елді мекендерінің әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымының қалыптастыруын қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
4) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
5) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
6) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту бойынша жобаны әзірлеп аудан әкімдігіне аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынады;
7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және жүзеге асыру;
8) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
10) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
11) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
12) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
3) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Мақтарал ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "ҚР Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
"Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.