Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-44-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 тамызда № 3831 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 32-225-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 19.06.2018 № 32-225-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 15-79-V шешімімен бекітілген "Мақтаарал ауданының елді мекендеріндегі жерлерді аймақтарға бөлу схемалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2279 тіркелген) шешімінің негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 379381383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері жоғарылатылсын:

      елді мекендердің 1, 2 және 3 аймақтарында автотұраққа (паркингке) және автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы О.Шылмұрзаева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы М.Жайлымшиев

О корректировке базовых ставок земельного налога

Решение Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 19 июля 2016 года № 6-44-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 12 августа 2016 года № 3831. Утратило силу решением Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 19 июня 2018 года № 32-225-VI

      Сноска. Утратило силу решением Мактааральского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 19.06.2018 № 32-225-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 387 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Мактааральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. На основании решения Мактааральского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 15-79-V "О схеме зонирования земель в населенных пунктах Мактааральского района" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2279), повысить базовые ставки земельного налога, установленные статьями 379381383 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) для земель, находящихся:

      в зонах 1, 2 и 3 за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки (паркинги) и автозаправочные станции на 50 (пятьдесят) процентов.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата: О.Шылмурзаева
      Секретарь районного
      маслихата: М.Жайлымшиев