Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 19.06.2018 № 32-225-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 15-79-V шешімімен бекітілген "Мақтаарал ауданының елді мекендеріндегі жерлерді аймақтарға бөлу схемалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2279 тіркелген) шешімінің негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері жоғарылатылсын:
елді мекендердің 1, 2 және 3 аймақтарында автотұраққа (паркингке) және автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | О.Шылмұрзаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | М.Жайлымшиев |