"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 02-03/350 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ынтымақ ауылдық округі Өркенді ауылының Ә.Әмірханов көшесінің тұрғыны Г.Мейірхановтың итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Ә.Әмірханов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-ветеринары А.Ашимовке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ынтымақ ауылдық округі әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы: | Д.Абдираимов |