Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 31-тамыздағы № 92 "Ынтымақ ауылдық округі Өркенді ауылының Ә.Әмірханов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ынтымақ ауылдық округi әкiмiнiң 2017 жылғы 9 наурыздағы № 15 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 14 наурызда № 3993 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес Ынтымақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 92 "Ынтымақ ауылдық округі Өркенді ауылының Ә.Әмірханов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3846 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 30 қыркүйекте "Мақтарал" газетіне жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      Ынтымақ ауылдық округі әкімі М.Журхабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады