Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу туралы
Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 23.05.2017 № 193 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)."Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Мамытбеков |
Ордабасы ауданы әкімдігінің 9 желтоқсан 2016 жылғы № 431 қаулысына қосымша |
Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар
№ | Мекен жайы |
1 | Қараспан ауыл округі, Қараспан елді мекенінің Сәрсенбеков көшесі мен Бимырза көшелері қиылысы |
2 | Бөржар ауыл округі, Ұялыжар елді мекенінің Төлеби көшесі мен С.Мұханов көшелері қиылысы |
3 | Жеңіс ауыл округі, Жеңіс елді мекенінің С.Қожанов көшесінің бойы |
4 | Бөген ауыл округі, Бөген елді мекенінің Б.Кенжебаев көшесінің бойындағы "Жетібай А" наубайханасы мен "Қарабала" шаруа қожалығының ғимаратының арасы |
5 | Бадам ауыл округі, Бадам елді мекенінің Б.Момышұлы көшесі мен Т.Жананов көшелерінің қиылысы |
6 | Төрткөл ауыл округі, Төрткөл елді мекенінің Батыс Еуропа, Батыс Қытай тас жолы бойы және Спатаев елді мекенінің Батыс Еуропа, Батыс Қытай тас жолы бойы |
7 | Шұбар ауыл округі, Шұбар елді мекенінің Райымбек батыр көшесі |
8 | Қарақұм ауыл округі, Қарақұм елді мекенінің Қажымұқан көшесі мен М.Маметова көшелері қиылысы |
9 | Шұбарсу ауыл округі, Шұбарсу елді мекенінің Д.Қонаев көшесі Қазыбек би көшелері қиылысы |
10 | Қажымұқан ауыл округі, Қажымұқан елді мекенінің Қажымұқан көшесінің бойындағы 170 үй мен 174 үйдің арасы |