"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Мамытбеков |
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 193 қаулысына қосымша |
Ордабасы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 431 "Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындарды белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 3937 болып тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2017 жылғы 14 қаңтарында жарияланған).
2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 433 "Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда № 3931 болып тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2017 жылғы 14 қаңтарында жарияланған).
3. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 445 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 3956 болып тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2017 жылғы 21 қаңтарында жарияланған).