1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А.Олжаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 7 қарашасынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | С.Сапарбаев |
Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 433 қаулысына қосымша |
2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өтінімді қабылдау мерзімдері |
1. | Дәндік жүгері | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |
2. | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |
3. | Картоп | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |
4. | Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |
5. | Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |
6. | Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |
7. | Сүрлемдік жүгері | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |
8. | Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |
9. | Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 7 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін |