Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 19.05.2017 № 179 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Кыстаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К.Абдуалиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 480 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |
16520 | 16435 | 85 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 480 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Балабақша | Инклюзивті білім беруді іске асыратын мектепке дейінгі ұйым |
21365,0 | 45727,0 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 480 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) |
331,06 | 398,78 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.