"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар;
2) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
3) жасы елу жастан асқан тұлғалар;
4) жұмыссыз әйелдер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Исаев |