"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
4. "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Респуликасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсiн.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi | М.Исаев |
Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 79 қаулысымен бекітілген |
2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
қ/с | Мекеме, кәсіпорын атауы | Жылына қоғамдық жұмыстарға сұраныс /адам саны/ | Қоғамдық жұмыстың түрі мен көлемі | Қаржыландыру көзі |
1 | "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 5 | Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру | ||||
2 | "Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 109 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
3 | "Созақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 40 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
4 | "Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 20 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
5 | "Жартытөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 20 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
6 | "Сызған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 20 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
7 | "Қарақұр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 20 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
8 | "Қаратау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 20 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
9 | "Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 20 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
10 | "Тасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 15 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
11 | "Шу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 10 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
12 | "Таукент кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 10 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
13 | "Қыземшек кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 10 | Тұрғындардың үйлерін аралау, ауыл округінің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу | Аудандық бюджет |
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру | ||||
14 | Оңтүстік Қазақстан облысы "Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 5 | Аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көмектесу | Аудандық бюджет |
15 | "Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 5 | Үйде әлеуметтік күтімге алынған зейнеткерлерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге жәрдемдесу | Аудандық бюджет |
16 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Созақ ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 5 | Мұрағат кітаптарын ішінара жаңғырту, кітаптарды тігуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша іздеу салу | Аудандық бюджет |
17 | "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер Департаменті Созақ ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 20 | Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыу, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу ("Сақшы" және "Тәртіп" пилоттық жобалар) | Аудандық бюджет |
| Барлығы | 359 | | |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.