Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы бойынша қоса беріліп отырған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Байғараев |
Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 10 шешімімен бекітілген |
Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері
№ Р/с | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | | |
1.1 | Жайлы үйлер | 1 адам | 100 |
1.2 | Жайсыз үйлер | 1 адам | 120 |
1.3 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 2170 |
2 | Тұрмыстық қаты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері | | |
2.1 | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 100 |
2.2 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1646 |