"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар;
2) ауылдық жерлерде тұратын әйелдер;
3) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
4) ұзақ уақыт (бір жылдан көп) жұмыс істемейтін адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Алиповке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | Т.Байтұрғанов |