Шардара ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 206 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шардара ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.
      Аудан әкімі А.Абдуллаев

  Шардара ауданы әкімдігінің
29 сәуір 2016 жылғы
№ 206 қаулысына қосымша

Шардара ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 458 "Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2119 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 48 (500) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      2. Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 535 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2961 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 6 (619) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      3. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 3 "Шардара ауданының Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2996 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 5 (618) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      4. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3008 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 6 (619) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      5. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 63 "Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3023 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 7-8 (620) нөмірлерінде жарияланған) қаулысы;
      6. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 115 "Шардара ауданының Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3113 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 16-17-18 (627) нөмірлерінде жарияланған) қаулысы;
      7. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 204 "Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 27 (636) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      8. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 394 "Шардара ауданының Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3367 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 46 (653) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      9. Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3523 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 5 (666) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      10. Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 10 (671) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      11. Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 74 "Шардара ауданының Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 8 қаңтар 2015 жылғы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3625 болып тіркелген, "Шартарап-Шарайна" газетінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 14 (675) нөмірінде жарияланған) қаулысы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады