"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Шардара ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 4 мамырдағы № 3 хатттамасы негізінде, Шардара ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қызылқұм магистралды каналының 14+00 бекетінде және Қызылқұм магистралды каналының екінші кезеңіндегі 67+00 бекетінде апатты жағдайдың орын алуына байланысты объектілерде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жолдыбайға жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Абдуллаев |